Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Астана мен Алматы қалаларына келіп, жас спортшыларға шеберлік сабақтарын өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Бір апталық сапары аясында Елена Рыбакина балаларға шеберлік сабақтарын өткізіп, өз тәжірибесін бөліседі және жанкүйерлерімен кездеседі.
Сонымен қатар, спортшы Цинциннатиде өткен WTA 1000 санатындағы турнирде алған Ахилл сіңірінің жарақатына байланысты медициналық тексерістен өтеді. Дәл осы жарақат салдарынан Елена Рыбакина турнирдің ширек финалдағы кездесуіне қатысудан бас тартуға мәжбүр болған еді.
"Аяғындағы жарақат US Open-2026 турнирі кезінде де қазақстандық теннисшіні мазалады. Алайда Елена Рыбакина жарақатына қарамастан, турнирдің шешуші матчтарын ауырсынуды басатын дәрілер көмегімен өткізіп, чемпиондық титулды жеңіп алды", - деп жазылған хабарламада.
Жаттықтырушылар штабының мәліметінше, Елена Рыбакинаның емделуі мен толық қалпына келуіне кемінде екі апта қажет. Осыған байланысты спортшы Қытайда өтетін Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатыса алмайды.
"Алдағы уақытта Еленаның басты мақсаты - денсаулығын қалпына келтіріп, толыққанды жаттығу процесіне оралу", - деп мәлімдеді ҚТФ өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!