Әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1/8 финалда оған аустралиялық Талия Гибсон (WTA №68) қарсылас болды. Кездесу 1 сағатқа созылып, Рыбакинаның екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңісімен аяқталды.
Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы америкалық Джессика Пегула (WTA №5) болады. Ол румыниялық Жаклин Кристианнан (WTA №36) 6:4, 6:1 есебімен басым түсті. Ойын 25 наурызда өтеді.
Рыбакина турнирді екінші айналымнан бастап, алғашқы матчінде Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцеваны (WTA №75) 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Одан кейін Елена украиналық Марта Костюктің (WTA №28) қарсылығын 6:3, 6:4 есебімен еңсерді.
Miami Open турнирі 17-28 наурыз аралығында өтеді. Жарыстың жүлде қоры - 18 831 450 долларды (шамамен 9,08 миллиард теңге). Ал жекелей сындағы жеңімпаздар 1 151 380 доллардан (555 миллион теңгеден астам) алады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!