Рыбакина ең көп табысқа кенелген теннисшілер ондығына жақындап келеді

Рыбакина ең көп табысқа кенелген теннисшілер ондығына жақындап келеді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның мансабындағы жалпы табысы 35 573 137 долларға жетті, деп хабарлайды Massaget.kz.

Әлемнің бірінші ракеткасы 2026 жылғы маусымда 11 134 420 доллар тапқан. Соның ішінде Australian Open мен US Open турнирлеріндегі жеңістері оның турдағы ең көп табыс тапқан теннисшілердің қатарына енуіне ықпал етті.

Рыбакинаға әйелдер теннисі тарихында ең көп табыс тапқан он ойыншының қатарына кіру үшін шамамен 906 мың доллар жетпей тұр. Қазір оныншы орында даниялық Каролина Возняцки орналасқан. Алайда ол мансабын аяқтаған.

Теннис тарихында ең табысқа кенелген – америкалық Серена Уильямс. Ол мансабында 94,9 миллион доллардан аса табыс тапқан. Екінші орында Беларусь өкілі Арина Соболенко – 53 760 864 доллар. Үшінші сатыда польшалық Ига Швёнтек тұр. Оның табысы 48 139 729 долларға жеткен.

Елена Рыбакинаға әлі де өнер көрсетіп жүрген тағы бір теннисші украиналық Элина Свитолина жақындап келеді. WTA қорытынды турнирінің финалына шығуы оның жалпы табысын 32,7 миллион долларға жеткізді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай
Logotype Massaget