Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина Брисбендегі (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отандасымыз чехиялық Каролина Муховамен өзара мықтыны анықтады.
Бірінші сетте Каролина Мухова жеңіске жетті. Екінші сетте Елена Рыбакина есепті теңестіре алды. Алайда шешуші сетте чехиялық теннисші басым түсті.
Қорытынды есеп - 6:2, 2:6, 6:4.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!