Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Теннисші төртінші айналымда әлемнің 21-ракеткасы Элизе Мертенспен шеберлік байқасты. Бұған дейін қарсыластар жеті рет кездесіп, соның алтауында Елена Рыбакина жеңген еді. 

Бұл жолы Елена Рыбакина матчті қарқынды бастады: 6:1. Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Елена Рыбакина брейк жасай білді. Ақыры матчті тағы бір брейкпен түйіндеді: 6:3.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы Ига Швентекпен ойнайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!