Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты

Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты
Фото: depositphotos.com

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Теннисші жартылай финалда әлемнің 6-ракеткасы Джессика Пегуламен шеберлік байқасты.

Қарсыластар бұған дейін алты мәрте кездесіп, әрқайсы үш-үштен жеңіске жеткен еді. Бұл жолы брейкпен бастаған Елена Рыбакина 3:0 есебімен алға кетіп, сол қарқынын сақтап қалды: 6:3.

Екінші сетте есеп 1:1 болғаннан кейін теннисшілер брейк алмасты. Дегенмен Елена Рыбакина брейк жасап, есепті 5:3-ке жеткізді. Бірақ Джессика Пегула да қалыспады. Елена Рыбакина тай-брейкте дегеніне жетті: 7:6 (9:7). 

Айта кетейік, Елена Рыбакина финалда әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget