Рыбакина Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда словениялық Кайя Юванмен шеберлік байқасты.

Елена Рыбакина бірінші партияны брейкпен тәмамдады: 6:4. Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте Елена Рыбакина брейк жасай білді: 3:1. Ол матчті эйспен түйіндеді: 6:3. 

Елена Рыбакина үшінші айналымға өту үшін әлемнің 77-ракеткасы, франциялық Варвара Грачевамен ойнайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!