Рыбакина алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына шықты

Рыбакина алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына шықты
Фото: ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина теннистен АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан US Open турнирінің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Елена Рыбакина 1/8 финалда Жапония өкілі Наоми Осакомен кездесті.

Матч екі сетке созылып, 6:1, 6:4 есебімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық теннисші мансап жолында алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына шықты.

Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы - 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, Қытай өкілі Чжэн Циньвэнь.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget