Рыбакина алғаш рет US Open турнирінің финалына шықты: енді Соболенкоға қарсы ойнайды

Рыбакина алғаш рет US Open турнирінің финалына шықты: енді Соболенкоға қарсы ойнайды
Фото: ҰОК

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатының финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші америкалық Коко Гауффпен кездесті.

Кездесу 3:6, 6:4, 6:4 есебімен Елена Рыбакинаның жеңісімен аяқталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от WTA (@wta)

Қазақстандық спортшы US Open турнирінде алғаш рет финалға жолдама алды.

Шешуші матчта Елена Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды. Жартылай финалда Арина Соболенко америкалық Джессика Пегуланы 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget