Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатының финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші америкалық Коко Гауффпен кездесті.
Кездесу 3:6, 6:4, 6:4 есебімен Елена Рыбакинаның жеңісімен аяқталды.
Қазақстандық спортшы US Open турнирінде алғаш рет финалға жолдама алды.
Шешуші матчта Елена Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды. Жартылай финалда Арина Соболенко америкалық Джессика Пегуланы 7:5, 6:2 есебімен жеңді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!