Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын жеңді

Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын жеңді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Мельбурнде (Аустралия) өтіп жатқан Australian Open-2026 халықаралық турнирінің жартылай финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ширек финалда қазақстандық теннисші польшалық Ига Швёнтекпен кездесті. Нәтижесінде Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын 7:5, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Жартылай финалда Елена Рыбакина Джессика Пегула (АҚШ) және Аманда Анисимова (АҚШ) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget