Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші төртінші айналымда дүниежүзілік рейтиніде 66-сатыда тұрған ресейлік Варвара Грачевамен ойнады.
Олар осыған дейін бір-ақ рет кездесіп, онда Елена жеңген.
Бұл жолы бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте Рыбакина тағы бір брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейкпен бітірді – 6:3. Қазақстандық спортшы екінші сетте қарқынын үдете түсті – 5:0. Ақыры төртінші матчболын пайдалана алды – 6:0.
Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін дүниежүзінің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!