Теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирі басталысымен Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) Live рейтингінде бірінші орынға көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Қазіргі есеп бойынша Елена Рыбакинаның еншісінде 7911 ұпай бар. Беларусь өкілі Арина Соболенко 6585 ұпаймен екінші орынға түсті. Алайда турнир басталғанға дейін жарияланған WTA-ның ресми рейтингінде Арина Соболенко 8575 ұпаймен көш бастап тұр, ал 8141 ұпай жинаған Елена Рыбакина екінші орынға жайғасқан. US Open басталар алдында теннисшілердің 2025 жылғы турнирде жинаған ұпайы есептен шығарылды.
Жарыстың қазіргі чемпионы болған Арина Соболенко 2000 ұпайынан айырылды, Елена Рыбакинаның есебінен әлдеқайда аз ұпай шегерілді. Соның нәтижесінде Қазақстан өкілі биылғы US Open аяқталмай тұрып-ақ Live рейтингтің бірінші сатысына көтерілді.
Айта кетейік, Live рейтинг - турнир аптасы барысында өзгеріп отыратын нәтижелер мен ұпайларды ескере отырып есептелетін теннисшілердің рейтингтегі орындарының алдын ала көрсеткіші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова