Рыбакина WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

1/8 финалда қазақстандық спортшы украиналық Даяна Ястремскаямен кездескен болатын.

Кездесу үш сетке созылды. Алғашқы сетте Рыбакина жеңіске жетті, екіншісінде Ястремская басым түсті. Ал шешуші үшінші сетте Елена 6:4, 6:7, 6:3 есебімен жеңісті жұлып алды.

Келесі айналымда Елена Рыбакина аустралиялық Айла Томляновичпен күш сынасады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!