Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екінші айналымда қазақстандық спортшы Румыния өкілі Жаклин Кристианмен кездесті.
Кездесу екі сетке созылып, Елена Рыбакина 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
1/8 финалда Елена Рыбакина Чехия теннисшісі Линда Носковамен кездеседі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!