Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық спортшы жарысты екінші айналымнан бастады.
Оның алғашқы қарсыласы АҚШ өкілі Кэти Макнелли болды. Матч 7:5, 4:6, 6:3 есебімен Елена Рыбакинаның пайдасына аяқталды.
Келесі айналымда Елена Рыбакина Германия спортшысы Ева Лиспен кездеседі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова