US Open-2023-тегі бесінші ойын күні аясында Елена Рыбакина (№4) румыниялық Сорана Кырстеймен (№30) кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Матч Луи Армстронг атындағы алаңда өтті. Ойын румыниялықтың жеңісімен аяқталды: 6:3, 6:7, 6:4.
Айта кетейік, бұған дейін жеке кездесулерде Рыбакина румын спортшысын екі рет жеңген еді. Алайда Қазақстандық US Open-дегі ең жақсы нәтижесін жаңарта алмады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз