Рыбакина US Open-2026 турнирінің үшінші айналымына шықты

Рыбакина US Open-2026 турнирінің үшінші айналымына шықты
Фото: ҚТФ

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" санатындағы маусымның соңғы турнирі - АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзінің 105-ракеткасы, испаниялық Джессика Бузас Манейромен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Елена Рыбакинаның жеңісімен (6:2, 6:4 есебімен) аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 8 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы жеті эйс жасап, төрт қосарланған қатеге жол берді және алты брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Айта кетейік, US Open турнирінің үшінші айналымында Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 58-орында тұрған украиналық Юлия Стародубцевамен кездеседі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget