Sportico басылымы 2023 жылы ең көп табысқа кенелген спортшы қыздардың рейтингін жариялады. Олардың қатарында қазақстандық Елена Рыбакина да бар.
Рейтингтің алғашқы ондығына жеті бірдей теннисші енген. Елена Рыбакина тізімде 7-орынға жайғасқан. Басылым ақпараты бойынша қазақстандық теннисшінің биылғы табысы 9,5 миллион долларды құраған.
Рейтингтегі ондық:
1. Кори Гауфф (АҚШ, 22 жас) - 22,7 миллион доллар(6,7 миллион сыйақы) - теннис
2. Ига Швентек (Польша, 22 жас) - 21,9 миллион (9,9 сыйақы) - теннис
3. Эйлин Гу (Қытай, 20 жас) - 20 миллион (27 тыс. сыйақы) - сноуборд
4. Эмма Радукану (Ұлыбритания, 21 жас) - 16,2 миллион (238 тыс. сыйақы) - теннис
5. Наоми Осака (Жапония, 26 жас) - 15 миллион (0 сыйақы) - теннис
6. Арина Соболенко (Беларусь, 25 жас) - 12,2 миллион (8,2 миллион сыйақы) - теннис
7. Елена Рыбакина (Қазақстан, 24 жас) - 9,5 миллион (6 миллион сыйақы) - теннис
8. Джессика Пегула (АҚШ, 29 жас) - 9 миллион (6 миллион сыйақы) - теннис
9. Симона Байлз (АҚШ, 26 жас) - 8,5 миллион (0 сыйақы) - спорттық гимнастика
10. Нелли Корда (АҚШ, 25 жас) - 7,9 миллион (1,4 миллион сыйақы) - гольф
Рейтингіде спортшылардың салық төлегенге дейінгі табысы есепке алынған.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!