- Негізгі бет
- Спорт
- "Руы – Әлім"....
"Руы – Әлім". Қазақ қызы Өзбекстан құрамасына тарихи Олимпиада жолдамасын сыйлады
Фото:
@xabar.uz
Бішкекте күрес түрлерінен Олимпиаданың Азия аймақтық іріктеу жарысы аяқталды. Өзбекстан құрамасы әйелдер арасында алғаш рет Олимпиада жолдамасына қол жеткізді. Тарихи лицензияны қандас қазақ қызы Ақтеңге Кеунимжаева (-50 кило) жеңіп алды.
Балуан қыз белгілі спорт журналисі Телжан Күдеровке берген сұхбатында қазақ екенін айтып, руын да жасырмаған.
Қазақ боламын. Руым – Әлім. Өзбекстанда туғанмын. Күреспен шұғылданып келе жатқаныма 10 жыл болды, - дейді Ақтеңге.
Айта кетейік, Бішкекте өткен лицензиялық жарыста қазақстандық балуан қыздар жолдама иелене алмады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
О. Сансызбай