Руслан Мырсатаев ганалық қарсыласын бірінші раундта ұрып құлатты

Руслан Мырсатаев ганалық қарсыласын бірінші раундта ұрып құлатты
Фото: massaget.kz

Алматыдағы бокс кешінде аса ауыр салмақта шаршы алаңға шыққан қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мырсатаев ганалық Наху Азумиді бірінші раундта нокаутпен ұтты. 

Кәсіпқой бокста осыған дейін 5 жекпе-жек өткізген Наху Азуми отандасымызға қарсы қауқар таныта алған жоқ. Қазақстандық боксшының қатарынан сілтеген жойқын соққылары қарсыласын бірден естен тандырды. Нәтижесінде отандасымыз кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. 

О. Сансызбай
Logotype Massaget