Руслан Құрбанов семсерлесуден Қазақстанға тарихи жүлдені тарту етті

Руслан Құрбанов семсерлесуден Қазақстанға тарихи жүлдені тарту етті
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі

Бүгін Италияның Милан қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық құрама көшбасшысы Руслан Құрбанов ширек финалда италиялық Валерио Куомоны 15-12 есебімен ұтты. Алайда жартылай финалда мажарстандық Мате Кохпен болған тартысты айқаста қарсыласқа 10-15 есебімен жол жіберіп, қола жүлдегер атанды.

Екінші жартылай финалда Олимпиада және әлем чемпионы франциялық Ромен Каннон италиялық Давиде ди Веролиден жеңіліп қалды.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы 1/16 айналымда франциялық Янник Борельді (15-14), даниялық Конрад Сейбек Конгстадті (14-13) ұтқан. Оған дейін аустриялық Джозеф Марингерден басым түсіп, үздік 32 спортшының қатарына қосылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан