Роналдуға ерекше құрмет көрсетілмек: Португалия құрамасының матчі қашан өтеді?

Роналдуға ерекше құрмет көрсетілмек: Португалия құрамасының матчі қашан өтеді?
Фото: instagram.com/cristiano/

14 қарашадан 15 қарашаға қараған түні Португалия құрамасы Криштиану Роналду ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын жариялағаннан кейін алғаш рет алаңға шығады. Ұлттар лигасы аясында Португалия Дания құрамасымен кездеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

А4 тобының бесінші турындағы матч Португалияның Брага қаласындағы "Муниципал" стадионында өтеді. Ойын 15 қарашада Қазақстан уақытымен сағат 00:45-те басталады.

Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, ойынды арнаның ресми сайтынан көруге болады.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, матч алдында Португалия құрамасы бұрынғы капитаны Криштиану Роналдуға құрмет көрсету үшін арнайы рәсім ұйымдастырмақ.

Құрама ойыншылары алаңға 7-нөмірлі жейдемен шығады. Бұдан бөлек, матчтің жетінші минутында ойын тоқтатылып, жанкүйерлер Роналдуға орындарынан тұрып қошемет көрсетеді деп жоспарланған.

Diario de Noticias басылымының хабарлауынша, мұндай бастаманы Бернарду Силва, Рубен Диаш және Бруну Фернандеш көтерген. Команда көшбасшылары Роналдуға қалай құрмет көрсету керегін ақылдасу үшін жаттықтырушылар құрамымен және Португалия футбол федерациясының президентімен кездескен.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

433 (@433) жарияланымы

Еске салайық, 5 қарашада Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының жұлдызы Криштиану Роналду ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді.

Осыдан кейін Португалия құрамасының бас бапкері Жорже Жезуш Роналдуды ұлттық құрамада ойнауын жалғастыруға көндіруге тырысқаны туралы ақпарат тарады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget