Роналдудың табысы Forbes рейтингінде тағы көш бастады

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Forbes нұсқасы бойынша табысы ең көп футболшы атанды. Оның 2026/2027 жылғы маусымдағы жалпы табысы 300 миллион долларға бағаланып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 41 жастағы Роналду Сауд Арабиясы клубымен жасалған келісімшарт аясында шамамен 250 миллион доллар алады. Тағы 50 миллион долларды жарнамалар мен басқа да коммерциялық жобалардан табады.

Forbes мәліметінше, футболшының байлығы - 1,2 миллиард доллар.

Роналду Forbes рейтингінде қатарынан төртінші маусым бірінші орында тұр. Оның ең жақын бәсекелесі - "Интер Майами" клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси. Оның табысы 145 миллион долларға бағаланған.

Үздік үштікті 100 миллион доллармен мадридтік "Реалдың" франциялық шабуылшысы Килиан Мбаппе түйіндеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!