Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтед" командасының негізгі құрамынан шеттетілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
The Athletic мәліметінше, "МЮ" командасының бас бапкері Эрит тен Хаг 37 жастағы шабуылшыны негізгі құрамның жаттығуынан шеттеткен. Енді ол жекелей дайындалады.
Сонымен қатар, Роналду АПЛ 13-турындағы "Челсиге" қарсы кездесуге қатыспайды.
Айта кетейік, кеше португалиялық футболшы "Тоттенхэмге" (2:0) қарсы ойын аяқталмай жатып стадионнан кетіп қалды. Ал ойында Роналду алаңға шықпаған.
Кейбір дереккөз мәліметінше, шабуылшы ойынның аяғында алаңға шығудан бас тартқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!