Роналду Өзбекстанға қарсы матчте 60 жылғы рекордты жаңартты

Роналду Өзбекстанға қарсы матчте 60 жылғы рекордты жаңартты
Фото: depositphotos.com

Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Өзбекстанды ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Хьюстонда өткен кездесуде португалиялық футболшылар қарсыластарынан 5:0 есебімен басым түсті. Команда көшбасшысы Криштиану Роналду дубль авторы атанды.

Stata Football дерегінше, Роналду әлем чемпионаттарында Португалия құрамасы сапында ең көп гол соққан футболшы атанды:

  • 10 гол - Криштиану Роналду;
  • 9 гол - Эйсебио;
  • 4 гол - Педру Паулета.

Осылайша, Роналду 60 жыл бойы сақталған Эйсебионың рекордын жаңартқан.

Айта кетейік, Португалия екі турдан кейін 4 ұпаймен К тобында көш бастап тұр. Одан кейін тізімде Колумбия (3 ұпай), Конго Демократиялық Республикасы (1 ұпай) және Өзбекстан (0 ұпай) орналасқан.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget