"Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Криштиану Роналду "қызыл сойқандардың" басты қарсыласы - "Манчестер Ситиге" ауысқысы келгенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Португалиялықтың айтуынша, "қалалықтар" оны 2021 жылы жазда сатып алуға тырысқан, бірақ шабуылшы "Манчестер Юнайтедке" ауысуды шешкен.
"Шынымды айтсам, мен "Ситиге" ауысуға жақын едім. Гвардиола екі апта бұрын мені сатып алу үшін көп тырысқандарын айтты. Бірақ "Манчестер Юнайтедтегі" тарихымды білесіз: жүрегіңді тыңдау керек, бұрын істегенім көп нәрсенің басын ашты.
Фергюсонның ролі маңызды болды. Мен онымен сөйлестім, ол маған "Манчестер Ситиге ауысуға хақың жоқ" деді, мен "жарайды, босс" деп жауап бердім, бірақ "Ситиге" ауысуға сәл қалдым. Бұл шешімді қабылдағаныма еш өкінбедім", - деді футболшы The Sun журналисі Пирс Морганға берген сұхбатында.
Айта кетейік, бұған дейін Роналду журналиске сұхбат беріп, "Манчестер Юнайтедтің" басшылығын сынға алған еді. Кейін клуб басшылары спортшыға қомақты айыппұл салуды жоспарлап отырғанын айтқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!