Криштиану Роналду Катарда әлем чемпионаты өтіп жатқан кезде Португалия футбол құрамасынан кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Record мәліметінше, шабуылшы мен команданың бас бапкері Фернанду Сантуш арасында дау шыққан. Роналду Оңтүстік Кореямен (1:2) топтық кезең матчында ауысқанына наразы болған.
Сонымен қатар, ол 74-минутта алаңға шығып, Швейцарияға қарсы 1/8 финал матчына (6:1) қатыса алмаған.
Осы шешім Сантуштың ұлттық құрамадағы орнынан кетуіне қауіп төндіреді. Сондай-ақ, Роналдудың әпкесі Португалия құрамасының жаттықтырушысын ағасын қорлады деп айыптаған.
Айта кетейік, ширек финалда португалдықтар Мароккомен ойнайды. Матч 10 желтоқсанда өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!