- Негізгі бет
- Спорт
- Роналду ажырасса әйеліне...
Роналду ажырасса әйеліне қандай байлық қалады?
Португалдық футболшы Криштиану Роналду мен әйелі Джорджина Родригес некеге дейінгі келісімшарт жасасқан, - деп хабарлайды Mundo Deportivo.
Басылым ақпараты бойынша келісімшарт Родригес бірінші баласына жүкті болған кезде жасалған. Заңды күші бар құжатта қос тараптың құқығы мен Роналду байлығын қорғау пункттері қарастырылған.
Келісімшарт бойынша екеуі айырылысар болса, Родригеске отбасының Испаниядағы зәулім үй тиесілі болады. Сондай-ақ өмір бойы 100 мың еуродан алып тұратын болады.
Айта кетейік, Криштиану мен Джорджина әлі күнге дейін үйленбеген. Суррогат анадан туған баласымен қоса отбасы 5 бала өсіріп келеді.
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!