«Манчестер Сити» және «Галатасарай» клубтарының бұрынғы жаттықтырушысы Роберто Манчини ресми түрде «Интер» командасының бас бапкері атанды.
Италиялық маман 15-қарашадан бастап өз жұмысына кірісті. 49 жастағы бапкер бұл қызметке Вальтер Маццаридің орнына келіп отыр. Вальтер Маццари жақында ғана «Интер» командасының бас бапкері қызметінен кеткен болатын.
Манчини «Интер» командасында 2004-2008 жылдары аралығында қызмет етіп, үш мәрте Италия чемпионатын, екі рет Италия Кубогын және бір рет Италия Суперкубогын жеңіп алған болатын.