9 тамызда Ақтөбеде Wrestling Stars League 4 атты ірі халықаралық күрес турнирі өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оған Қазақстан құрамасынан бірнеше балуан қатысады. 97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан белдеседі.
Оның қарсыластары - ресейлік Константин Пшеничников, Рамазан Шабанов және Омар Зияутдинов.
79 келіге дейінгі салмақта Дәулет Ергешке ресейлік Магомед Магомаев қарсылас болады.
65 келіге дейінгі салмақта Мейрамбек Қартбай қырғызстандық Нурсадык Нурдиновпен белдеседі.
Сондай-ақ, кардта өзге де жекпе-жектер бар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!