Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан екі дүркін Олимпиада чемпионы, алты дүркін әлем чемпионы Абдулрашид Садуллаевқа жол берді, деп хабарлайды Massaget.kz.
97 келіге дейінгі салмақта екі балуан 1/16 финалда кездесті. Алғаш болып Ризабек ұпай алды. Артынша ресейлік балуан сәтті әдіс жасап, 4 ұпай еншіледі. Нәтижесінде белдесу соңына дейін 1:4 есебі сақталып, Абдулрашид келесі кезеңге шықты.
Абдулрашид Садуллаев финалға шықса, Ризабек Айтмұхан жұбаныш белдесуі арқылы қола жүлдеге қол созып көретін болады.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан тәуелсіз ел тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы. 2023 жылы Белградта 92 келіге дейінгі салмақта топ жарған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай