Еркін күрестен Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ризабек Айтмұхан Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Super 4 Wrestling атты ірі халықаралық турнирге қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
97 келіге дейінгі салмақта чемпиондық атаққа төрт спортшы таласады.
Ризабек Айтмұханның қарсыластары - Алихан Кцоев (Ресей), Ахмед Батаев (Болгария) және Мераб Сулейманишвили (Грузия) секілді атақты балуандар.
Айта кетейік, турнир 13 ақпанда өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!