Кәсіпқой бокстан WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жазба жариялап, алдағы жоспарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшы рингті сағынғанын да мәлімдеді.
"6 жасымда қолғап киіп едім, міне 27 жылдан бері рингте жүр екенмін! Бір іспен тұрақты түрде 27 жыл айналысу да оңай емес! 4 бұрышты рингте не көрмедік?! Әлі де көреріміз көп! Рингті сағындық! Жанкүйерлердің де өнерімізді сағынып қалғанын білемін! Бұйыртса, желтоқсанда әлем чемпионы титулымды қорғаймын!" - деді ол.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының ағзасынан допинг табылғаны туралы ақпарат 2025 жылы желтоқсанда тарады. Ол кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізуі керек еді.
VADA антидопинг комиссиясының мәлімдемесінен кейін боксшыны шеттету туралы шешім қабылданып, ұзаққа созылған тергеу басталды.
2026 жылдың басында ашылған B сынамасы Жәнібек Әлімханұлының ағзасында тыйым салынған зат бар екенін растады. Қазақстандық боксшы 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін шеттетілген болатын, бұл мерзім аяқталғаннан кейін Жәнібекті Бентлимен қарымта кездесу күтіп тұр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!