Римма Волосенко лицензиялық турнирді сәтті бастады

Римма Волосенко лицензиялық турнирді сәтті бастады

Қазақстандық боксшы Римма Волосенко Бусто-Арсициодағы (Италия) лицензиялық турнирді жеңіспен бастады. Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде Тринидад және Тобаго елінен келген Сах Гайды жеңіп шықты. 

60 килоға дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте Римма қарсыласынан айқын басым болды. 

Риммаға дейін шаршы алаңға шыққан ерлер арасында Сәкен Бибосынов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген болатын. Бүгін Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай жекпе-жек өткізеді. 

Айта кетейік, Бусто-Арсициодағы лицензиялық турнир 11 наурызға дейін жалғасады. Ерлер арасында – 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай