Қазақстандық боксшы Римма Волосенко Италиядағы лицензиялық турнирдің екінші айналымынан сүрінбей өтті. Отандасымыз екінші жекпе-жегінде мажар қызы Петра Сабодан айласын асырды.
Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы айтарлықтай қиындықсыз жеңіске жетті. Тіпті үшінші раундта қарсыласын нокдаунға да жіберіп үлгерді. Осылайша Римма Волосенко лицензиялық жарыстың 1/8 финалына жолдама алды.
Айта кетейік, 60 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз бірінші жекпе-жегінде Тринидад және Тобаго елінен келген Сах Гайды жеңіп шыққан еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз