- Негізгі бет
- Спорт
- Республика бойынша 2...
Республика бойынша 2 жылда қанша спорт нысаны салынатыны белгілі болды
Республика бойынша алдағы екі жылда 113 жаңа спорт нысаны салынады, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдана отырып қолданыстағы 26 нысан қайта жаңартылады, - деп хабарлайды ҚР спорт және туризм министрлігі.
Еліміздің барлық спорттық инфрақұрылымына ауқымды түгендеу жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша әр өңірде жұмыс істеп тұрған объектілердің орта есеппен 20%-ы талапқа сай еместігі анықталды. Осылайша, жүргізілген жұмыстың нәтижесінде спорттық инфрақұрылымға, атап айтқанда ауылдық елді мекендерде аса мұқтаж өңірлердің тізбесі айқындалады. Келесі жылдан бастап «Модульдік үлгідегі тез салынатын аз шығынды 100 спорт нысан» жобасы іске қосу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды министрлік.
Алматы облысында олимпиадалық дайындық базасының құрылысы аяқталуда. База бір уақытта 2300 спортшыға 23 олимпиадалық спорт түрімен айналысуға мүмкіндік береді. Бұл нысан жыл бойы жұмыс істейді. Ұлттық құрамалар мен облыстық командалар маңызды жарыстар алдында толыққанды оқу-жаттығу жиындарын өткізе алады.
Елордада Ұлттық спорт университетінің құрылысы жүргізілуде, нысанды 2025 жылы қолданысқа беру жоспарланып отыр. Университеттің іске қосылуы кадрларды даярлаудың бастапқы кезеңнен бастап, жоғары жетістіктер спортына дейінгі үдерісін үздіксіз алуға ықпал етеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай