Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы анықталды. Ол 24 ақпан күні Алматыда өтетін Naiza 57 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Кливленд Маклинмен (17-11) шайқасады.
Жекпе-жек кеші Almaty Arena кешінінде өтеді. Сондай-ақ негізгі кардта қытайлық Тайлақ Нұражы (8-1) мен бразилиялық Дуглас де Оливейра, қазақстандық Жұман Жұмабеков пен қырғыз Қанат Келдібеков шайқасады.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов UFC-гі жекпе-жектерінен кейін Naiza лигасында бір жекпе-жек өткізіп үлгерді. Жапон спортшысы Масато Накамураны нокаутпен жеңді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!