Бұрымдылар арасындағы 2024 жылғы бокстан әлем чемпионаты Астанда өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұндай шешімді IBA Ташкентте өткен ресми отырыста қабылдады.
Өтінішті Қазақстан бокс федерациясының халықаралық байланыс бойынша вице-президенті Азиз Қожамбетов ұсынды. Өтетін орын ретінде Астанадағы "Барыс Арена" таңдалды.
"Қазақстан сияқты бокста мықты күш IBA ұйымының ең ірі жарыстарының бірін өзінде өткізетініне қуаныштымын. Мұндай жарыс 2016 жылы Астанада бір өткен, енді ол одан күшті күйінде оралып отыр. Мен керемет әлем чемпионатын тағатсыздана күтіп, боксшыларды келесі жылы Астанада қарсы аламын", - деп береді IBA басшысы Умар Кремлевтің сөзін ұйым сайты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!