Рекорд жаңартқандар бар: Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында сынға түсті

Рекорд жаңартқандар бар: Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында сынға түсті
Фото: ҰОК

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жеңіл атлетикадан Гонконгта өткен Азия чемпионатында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ұлттық құрама сары құрлық бәсекесінде 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Максим Сажнев диск лақтырудан 60,45 метр натиже көрсетіп, алтыннан алқа тақты. Осылайша, ол U20 санатында Қазақстан рекордын жаңартты.

Анна Черкашина (сырықпен секіру) және әйелдер құрамасы 4х400 метрлік эстафетада күміс медаль алды.

Ал Мария Щипачева (үш қарғып секіру), Алина Головина (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Маргарита Косинова (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру) және Асқар Өмірзақ (онсайыс) қола жүлдеге ие болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget