- Негізгі бет
- Спорт
- Рекорд болмады! Аукционда...
Рекорд болмады! Аукционда Мессидің әлем чемпионатында киген жейдесі сатылды
Фото:
@Sotheby's
Нью-Йоркта өткен аукционда танымал футболшы Лионель Мессидің 2022 жылғы әлем чемпионатында киген спорттық жейделері сатылды.
Dailymail.co.uk ақпараты бойынша "Интер Майами" командасы шабуылшысының жейделері 7,8 миллион долларға бағаланған. Алты жейдеден түскен қаржының бір бөлігі қайырымдылық мақсатында жұмсалады.
Лионель Месси 2022 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы, "Алтын доптың" 8 дүркін иегері.
Аргентиналық футболшының спорттық жейдесі рекорд жаңарта алған жоқ. 2022 жылдың қаңтар айында әйгілі баскетболшы Майкл Джорданның 1998 жылы "Ютаға" қарсы алғашқы ойынындағы жейдесі 10,1 миллион долларға сатылған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
О. Сансызбай