5 маусымдағы референдумда ел азаматтары қолдаған Конституциядағы өзгерістер күшіне енді. Референдумның қорытындылары туралы ресми ақпарат жарияланды.
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланды.
Дауыс беру құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы дауыс берген. Референдумға келгендер 68,05 пайыз болған.
Оның ішінде азаматтардың 77,18 пайызы (6 163 516 адам) Конституцияға өзгеріс енгізуді қолдап, дауыс берген. Түзетулерге азаматтардың 18,66 пайызы (1 490 470 адам) қарсы болған. Бюллетеньдердің 2,58 пайызы жарамсыз деп танылған. Бюллетеньдердің 1,58 пайызы дауыстарды санау кезінде ескерілмеген.
Негізгі өзгерістер:
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның 12 аймағында Конституциядағы түзетулерге дауыс беру өткені хабарланған болатын. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтқан еді.
Сонымен қатар, республикалық референдумда 9 964 сайлау учаскесінде дауыс беру өтті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты.