"Реалдың" жаңа ойыншылары қандай нөмірде ойнайды?

"Реалдың" жаңа ойыншылары қандай нөмірде ойнайды?
Фото: verdaoweb.com.br

Бразилиялық жас талант Эндрик жуырда "Реал" сапына келіп қосылады. Ол командада 16-шы нөмірмен ойнайтын болды.

Эндрик 9-нөмірді алғысы-ақ келген. Бірақ Мбаппе келген соң оған бұйырмады. Бразилиялық осыған дейін "Палмейраста" осы 16 нөмірімен екі маусым ойнаған.

AS ақпараты бойынша "корольдік клубта" Начо мен Тони Кросс кеткесін 6 мен 8 нөмірі де босайды. Біріншісін Эдуард Камавинга, екіншісін Федерико Вальверде еншілеп отыр.

Эндриктің таныстырылымы 26 шілдеге жоспарланған.

О. Сансызбай
Logotype Massaget