Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Хаби Алонсо "Қайратқа" қарсы ойында негізгі ойыншыларының біріне демалыс беруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Defensa Central мәліметінше, Алонсо 22 жастағы испаниялық қорғаушы Альваро Каррерасты алаңға шығармайды. Ол маусым басынан бері тұрақты ойнап жүргенімен, "Леванте" клубына қарсы Ла Лига ойынынан (4:1) кейін аяғына мұз қойып отырғаны байқалған. Бұл оған аздап үзіліс қажет деген ойды күшейтті.
Каррерастың орнына испаниялық Фран Гарсия ойнауы мүмкін.
Өткен жазда португалиялық "Бенфикадан" 50 миллион еуроға келген Каррерас өзінің трансферлік бағасын толық ақтады. Дегенмен бапкерлік штаб ойыншының жүктемесін бақылап отыру қажет деп есептейді.
Алонсо қорғаушыны маусымның маңызды матчтарына тың күйде сақтағысы келеді. Сондықтан ол әр ойынды қатарынан өткізе алмайды. Осы себепті "Қайратқа" қарсы матчта ротация жасалып, Гарсияға мүмкіндік берілмек.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!