5 қыркүйекке қараған түні мадридтік "Реал" Жозе Моуриньо келгеннен кейінгі алғашқы матчінде жеңілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Чемпионаттың 4-ші туры аясында өткен кездесуде "Бетис" мадридтіктерді 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды қосалқы құрамнан алаңға шыққан шабуылшы Трой Пэррот соқты, ол 81-ші минутта бұрыштамадан асырылған допты сәтті пайдаланып, қақпаға дәл бағыттады.
Осыдан кейін "қаймақ түстестердің" шабуылшысы Карлос Эспидің шалқалап соққан тамаша голы офсайдқа байланысты есептелмеді, ал 90+4-ші минутта Килиан Мбаппе пенальти орындап, есепті теңестіруге мүмкіндік алғанымен, қарсылас қақпашыдан айласын асыра алмады.
Осылайша, "Реал" Моуринью клубқа қайта оралғаннан кейінгі алғашқы жеңілісіне тап болды. Команда чемпионат көшбасшыларының қатарына шыға алмай, тоғыз ұпаймен қалды.
Еске салайық, Моуриньо футболдан әлем чемпионаты қарсаңында мадридтік "Реалдың" тізгінін ұстауға келіскен болатын. Португалиялық маман бұған дейін 2010-2013 жылдар аралығында Мадридте қызмет етіп, каталондықтардан бірнеше жыл жеңілгеннен кейін клубқа Испания чемпионы атағын қайтарып берген еді.
Мадридтік "Реал" кейінгі рет Ла Лига чемпионы атағын 2023/24 маусымында иеленген болатын.
Мадридтік клуб келесі матчын Чемпиондар лигасында өткізеді, 9 қыркүйекке қараған түні миландық "Интермен" кездеседі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!