"Реал Мадрид" клубы франциялық шабуылшы Килиан Мбаппені 2025-2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша команданың үздік ойыншысы деп жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Өткен маусымда франциялық форвард төрт рет айдың үздік ойыншысы атанды. Сонымен қатар, ол кейінгі екі жыл ішінде екінші мәрте маусымның үздік футболшысына берілетін марапатты жеңіп алды.
2025-2026 жылғы маусымда Килиан Мбаппе барлық турнирде 44 матч өткізіп, 42 гол соқты және жеті нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, франциялық шабуылшы Испания чемпионатының үздік сұрмергені, Ла Лигада 25 голдың авторы атанды.
Мбаппенің клубпен арадағы келісімшарты 2029 жылғы 30 маусымға дейін жарамды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!