“Реал Мадрид“ футболшылары Алматыға қашан келетіні белгілі болды

Бүгін 28 қыркүйекте мадридтік "Реал" футболшылары Алматыға ұшып келеді. Ал 30 қыркүйекте Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында "Қайратпен" сырт алаңда ойнайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Дядя Ваня" Telegram-арнасының дерегінше, испаниялық клуб ойыншылары бүгін Мадридтен жолға шығады.

"Олар ұзақ сапарға Испания астанасында орналасқан Адольфо Суарес атындағы Барахас халықаралық әуежайынан шығады. Ұшу уақыты жергілікті сағат 13:30-ға (Қазақстан уақытымен 16:30) белгіленген. Әуеде 8 сағат 20 минут болады. Кесте бойынша футболшылар мінген ұшақ Алматы әуежайына түнгі 00:50-де қонады", – деп жазды дереккөз.

Айта кетейік, "Қайрат" пен "Реал" арасындағы матч сейсенбі, 30 қыркүйекте, Қазақстан уақытымен 21:45-те өтеді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!