Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турдың алғашқы тоғыз матчы аяқталды. "Реал" ПСВ-ны екінші таймда соғылған бес голмен жеңсе, "Арсенал" мен "Манчестер Сити" ұпай жоғалтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Түркиялық "Галатасарай" өз алаңында Англияны "Астон Вилла" клубын ұтты. Шешуші голды 77-минутта Дениз Гюль соқты.
Норвегиялық "Буде-Глимт" өз алаңында Аустрияның ЛАСК командасын ұпайсыз қайтарды. Кездесудің тағдыры 90+2-минутта шешілді: Мелайро Богарде допты өз қақпасына автогол соғып алды.
5-турда "Манчестер Сити" (Англия) "Наполи" (Италия) ұпай бөлісті. Қонақтар сапында Расмус Хейлунн (55-минут) мен Ноа Ланг (76-минут) гол соқты. "Қалалықтар" сапынан Айюб Буадди (67-минут) мен Райан Шерки (86-минут) мергендігімен көзге түсті.
Лондонда "Арсенал" мен дортмундтық "Боруссия" жеңімпазды анықтай алмады. Виктор Дьекереш 10-минутта алаң иелерін алға шығарса, қонақтар сапынан 55-минутта Максимилиан Байер есепті теңестірді.
Мадридтік "Реал" "Сантьяго Бернабеуда" нидерландтық ПСВ-ны талқандады. Бірінші таймнан кейін "Реал" ұтылып шықты: қонақтар 32-минутта Иван Перишичтің пенальтиінен кейін алға шыққан еді. Екінші таймда алаң иелері бес гол соғып, камбэк жасады. Голдарды Федерико Вальверде (50-минут), Джуд Беллингем (60-минут), Килиан Мбаппе (64 және 84-минуттар) және Винисиус Жуниор (87-минут) өз еншілеріне жазды.
"Лейпциг" (Германия) өз алаңында Францияның "Ланс" командасын ұпайсыз қайтарды. Алаң иелері сапында Давид Раум (6-минут) және Антонио Нуса (9 және 90+4-минуттар) гол соқты. Қонақтардың бір голын 58-минутта Матьё Юдоль еншісіне жазды.
Нидерландтық "Фейеноорд" өз алаңында португалиялық "Портуға" жол берді. Матчтың екінші минутында Уссама Таргаллиннің өз қақпасына соққан голы шешуші болды.
Италиялық "Комо" өз жанкүйерлерінің алдында Грекияның АЕК командасын ұтты. Сеск Фабрегас шәкірттері 29-минутта алға шығуы мүмкін еді, бірақ Лукас да Кунья пенальтиден гол соға алмады. Дегенмен 57-минутта Луис Мильяның голы алаң иелеріне жеңіс сыйлады.
Словакияның "Слован" командасы Чемпиондар лигасындағы сәтсіздікке нүкте қоя алмады. Бұл жолы "Бетиске" есе жіберді. Кездесудің нәтижесін Кучо Эрнандестің дублі шешті, ол 43 және 57-минуттарда гол соқты.
25 қараша күні кешке және 26 қарашаға қараған түні бесінші турдың қалған тоғыз матчы өтеді. Уақыты Қазақстан бойынша көрсетілген.