Президент Флорентино Перес бастаған мадридтік "Реалдың" басшылығы бас бапкер Жозе Моуриньюге қатысты шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
The Touchline мәліметінше, клуб басшылығы португалиялық маманды қазіргі командаға лайық бапкер деп санайды.
"Реал" басшылығы Жозе Моуриньюмен қоштасуды жоспарлап отырған жоқ. Клуб мұндай ұжыммен жұмыс істеуге Жозе Моуринью секілді маман қажет деп есептейді.
Айта кетейік, Испания чемпионатының соңғы турында "корольдік клуб" "Атлетикодан" 1:2 есебімен ұтылды. Жозе Моуринью шәкірттері жеті турдан кейін Ла Лига турнир кестесінде 15 ұпаймен төртінші орында тұр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова