Бокстан Қазақстан қыздар құрамасының өкілі Рамина Маханова Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол 54 келіге дейін салмақта ел намысын қорғады.
Рамина Маханова жартылай финалда Үндістан елінің өкілі Чандрика Пуджаримен қолғап түйістірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша үндістандық боксшы жеңіске жетті.
Осылайша, Рамина Маханова жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!